
Нұра ауданында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов төрағалығымен маңызды жиын өтті. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, Нұра кентінің жергілікті қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сонымен қатар, жиынға «КРЭК» ЖШС-нің жаңа басшылығы да қатысты.
Кездесу барысында аудан тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, электр энергиясына тарифтердің өсуі, жабдықтардың, арнайы техниканың және электр желілерінің тозуы сияқты өзекті проблемалар көтерілді.
Жиын барысында аудан тұрғындарының барлық өзекті мәселелері мен ұсыныстары «КРЭК» ЖШС басшылығының назарына жеткізілді. Қатысушылар тарапынан халықпен кері байланысты күшейту, тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарына жедел әрекет ету қажеттігі ерекше атап өтілді.
Өз кезегінде серіктестік өкілдері көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі нақты тапсырмалар беріп, электрмен жабдықтау саласындағы мәселелерді жүйелі түрде шешу, инфрақұрылымды жаңғырту және халықпен ашық әрі тиімді коммуникация орнату бағытында жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, аталған мәселелердің орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.