АУДАНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

АУДАНДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиын өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Жиын күн тәртібіне сәйкес, алдымен ауданның ағымдағы жедел жағдайы тыңдалып, жауапты сала орынбасарлары тарапынан тиісті ақпараттар ұсынылды . Одан кейін жұмыспен қамту, жылыту маусымының өту барысы, су тасқыны кезеңіне дайындық, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстардың жүргізілуі мәселелері қаралды .

Жиын барысында аудан әкімі сала басшыларының баяндамаларын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша нақты сұрақтар қойып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейту, сондай-ақ баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, тұрғындармен кері байланысты жүйелі жолға қою, сондай-ақ елді мекендердегі өзекті мәселелерге жедел ден қою бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.