
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өзекті мәселелерін көтерді.
Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайына жан-жақты тоқталды. Тұрғындардың талап-тілектері назарға алынып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, бірқатар сұрақтар бойынша тиісті жұмыстарды жеделдету қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде жүргізілетінін еске саламыз. Аудан әкімі азаматтарды әр аптаның сейсенбі күні алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Алдын ала жазылу үшін 8 (72144) 21-7-21 телефон нөміріне хабарласуға болады.