
Аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау, жылыту маусымының өту барысы, сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстардың жүргізілу барысы қарастырылды.
Тиісті бөлім басшылары атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттермен таныстырды. Жиналыс барысында аудан әкімі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты сапалы ұйымдастыруды, жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын бақылауда ұстауды және су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар елді мекендердегі қарды шығару, су өткізу құбырларын тазарту жұмыстарын жандандыру, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.