НҰРА АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

НҰРА АУДАНЫНДА АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Нұра ауданында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұра аудандық филиалының Х есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция 2026 жылғы 18 ақпанда аудан әкімінің аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына бастауыш ардагерлер ұйымдарынан сайланған 35 делегат қатысты. Жиынды Нұра аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсұтов З.М. ашып, күн тәртібін жариялады. Конференцияға Нұра ауданының әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес мандаттық комиссияның баяндамасы тыңдалып, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Нұра аудандық филиалы ардагерлер кеңесінің 2021 жылдың тамыз айынан 2026 жылдың ақпан айына дейінгі атқарылған жұмыстарының есебі қаралды. Сондай-ақ ревизиялық комиссияның есебі тыңдалып, талқылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылды.

Конференция барысында басқарушы органдар – хатшылық, редакциялық және мандаттық комиссиялар сайланды. Сонымен қатар Нұра аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы 25 мүшеден құрылып, делегаттардың бірауыздан дауыс беруімен бекітілді. Ревизиялық комиссияның жаңа құрамы да үш мүшеден сайланды.

Облыстық деңгейдегі өкілдік нормасына сәйкес Нұра аудандық ардагерлер ұйымының 3325 мүшесі бар екені ескеріліп, Қарағанды облыстық ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау конференциясына бір делегат сайлау туралы шешім қабылданды. Делегат ретінде жаңадан сайланған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасын ұсыну жөніндегі шешім бірауыздан қолдау тапты.

Конференция қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Жиын өз жұмысын табысты аяқтап, жаңадан сайланған ардагерлер кеңесінің алғашқы ұйымдастыру Пленумы өтті.

Аталған конференция ардагерлер ұйымының қызметін жетілдіруге, аға буын өкілдерінің қоғамдағы белсенділігін арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.