
Аудан аумағында көгалдандыру және жасыл желектерді көктемгі отырғызу жоспарының дайындалуы мен іске асырылу барысы бойынша жиын өткізілді.
Жиын барысында Нұра ауданы аумағында көктемгі ағаш отырғызу жоспарының орындалуы, сондай-ақ Нұра кенті аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру барысы қаралды.
Жиналыста елді мекендерде жыл сайын өткізілетін абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық аясында ағаштар, бұталар мен көпжылдық өсімдіктерді жүйелі әрі жоспарлы түрде отырғызудың маңыздылығы атап өтілді. Ауылдар мен кенттер әкімдеріне көктемгі отырғызу жұмыстарын алдын ала жоспарлап, бюджетте тиісті қаржы қарастыру қажеттігі тапсырылды.
Сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда біржылдық гүлдерді отырғызуға қомақты қаражат жұмсалатыны айтылып, оларды кезең-кезеңімен көпжылдық сәндік өсімдіктерге ауыстыру ұсынылды. Көпжылдық гүлдер бірнеше жыл бойы сақталып, әр маусым сайын қайта гүлдеп, күтіп-ұстауға кететін шығынды азайтады және жергілікті климаттық жағдайларға төзімді келеді.
Жиын барысында жасыл желектерді есепке алу және бақылау жұмыстарын жетілдіру мәселесі де қаралды. Жапырақ толық шыққаннан кейін ағаштар мен бұталарды түгендеу жалғасады. Осы мақсатта арнайы мобильді қосымша арқылы инвентаризация жүргізетін жауапты маманды бекіту жоспарлануда. Бұл жасыл желектердің нақты есебін жүргізуге, олардың жағдайын бақылауға және алдағы жұмыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу, экологиялық тұрақтылықты арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында нақты тапсырмалар берілді.