АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.

Жиналыс барысында ауданның ағымдағы жедел жағдайы қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасарлары Б.Н.Есжанов, К.М.Темиров және С.А.Муканова баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айнаш Жақсылыққызы Қусаинова баяндады. Аудан әкімі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ағымдағы жылдың ақпан айынан кешіктірмей өткізуді, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы сатып алу жоспарының қаржыландыру жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, жедел жағдай, жылыту маусымының өту барысы, инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағаларына жүргізіліп жатқан мониторинг, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыс мәселелері қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.