АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, білім беру саласындағы мәселелер, сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана бөлу тәртібі бойынша сұрақтар қойылды. Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер берді.

Қабылдау кезінде бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір сұрақтар қосымша зерделеуді талап ететіні айтылды. Мұндай өтініштер аудан әкімдігінің бақылауына алынды.

Жеке қабылдау ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Аудан әкімі азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.

Сонымен қатар, аудан әкімі азаматтарды әр сейсенбі күні жеке қабылдау өткізетінін еске саламыз. Жеке қабылдауға алдын ала 8-72144-21-7-21 нөмірі арқылы жазылуға болады.