
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудан әкімдігіне қарасты барлық 12 бөлімнің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдады. Сонымен қатар, бөлім басшылары 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады.
Жиын барысында әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғындарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және ақпараттық саясат бағыттарында атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді.
Аудан әкімі әр сала бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған іс-шаралардың нақты, өлшенетін көрсеткіштерге негізделуі, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін тапсырды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық бөлімдерге белгіленген жоспарлардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, өзара үйлесімді жұмысты жолға қоюды және тұрғындармен кері байланысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер мен берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.