
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов «AMANAT» партиясымен біріккен азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, жұмыспен қамту, медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау көрсету және өзге де өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірулер берілді.
Қабылдау нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, кейбір өтініштер бақылауға алынды. Жеке мәселелердің бір бөлігі бойынша шешу жолдары сол жерде түсіндірілді.
Азаматтарды қабылдау тұрғындармен кері байланысты нығайтуға және халықтың өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.