
Аудан әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Отырыс барысында аудан аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрғындарды қорғауға және маусымдық қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған өзекті мәселелер қаралды.
Жиында жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелердің ақпараттары тыңдалып, қысқы кезеңнің өту барысы, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды. Аудандағы инфрақұрылым нысандарының жай-күйі, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі жауапты қызметтерге жағдайды тұрақты бақылауда ұстау, алдын алу шараларын күшейту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне бекітілген аумақтарда қажетті дайындық жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын азайту бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және қабылданған шешімдердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.