АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер және ағымдағы жедел жағдай қаралды.

Жиында аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, бөлімдер мен мекеме басшыларының ақпараттары тыңдалды. Аудан аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы және тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге уақтылы ден қою мәселелеріне назар аударылды.

Аудан әкімі өз сөзінде белгіленген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуының маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар, бақылаудағы мәселелер бойынша жұмысты күшейту және үйлесімді іс-қимылды қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Жиналыс қорытындысы бойынша бөлімдер мен мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.