АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудан ақсақалдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылы аудан көлемінде қол жеткізілген негізгі жетістіктер мен алдағы 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Басқосу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жетілдіру, ауылдардың әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, келесі жылы жүзеге асырылатын басым міндеттер айқындалды. Ақсақалдар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, көкейкесті мәселелер қозғалды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында, жылы әрі жайлы атмосферада өтті. Әрбір қатысушы өз ойын ашық білдіріп, ауданның дамуына қатысты ой-толғамдарын ортаға салды. Аудан әкімі ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің маңызды екенін атап өтіп, олардың ұсыныстары алдағы жұмыстарда ескерілетінін жеткізді.

Кездесу соңында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ақсақалдарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылда әр шаңыраққа амандық пен береке, елге тыныштық пен бірлік, ауданның өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуын, ұрпақтар сабақтастығының нығаюын тіледі. Сондай-ақ кездесуге қатысқан ақсақалдарға аудан әкімінің атынан тәтті сыйлықтар табысталды.