
Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың бастамасымен балаларға арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Шараға ауданның әлеуметтік осал санаттағы және дарынды балалар қатысты.
Мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен басталып, сахна төрінде Аяз ата мен Ақшақар, сондай-ақ ертегі кейіпкерлері өнер көрсетті. Түрлі ән-күй мен би нөмірлерінен құралған көркем бағдарлама аудандық өнер мектебінің өнерпаздары, мәдениет үйінің қызметкерлері және мектеп педагогтарының бірлескен еңбегімен ұйымдастырылды. Қойылым барысында достық, мейірім, ізгілік пен бірліктің маңызы көркем түрде жеткізілді.
Балалар ән айтып, би билеп, ойын-сауық бағдарламасына белсене қатысты. Шара барысында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жыл әр балаға қуаныш, шаттық пен жарқын сәттер сыйлауына тілектестік білдірді.
Мереке соңында аудан әкімі атынан барлық қатысушыларға шаңғы костюмдері және тәтті сыйлықтар таратылды.
Іс-шара соңында балалар шыршаны айнала хороводқа қатысып, естелік суретке түсіп, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күймен аяқталды. Аталған жаңа жылдық шырша мерекесі балалардың жүрегінде жылы естелік қалдырды.