
Аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік басқару салаларындағы ашықтық пен есептілікті арттыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және бақылау тетіктерін күшейту бағытындағы жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар ауылдар мен кенттер деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар, тұрғындармен жүргізілетін түсіндіру жұмыстары және қызметтік әдеп пен мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне назар аударылды. Комиссия мүшелері жергілікті атқарушы органдардың қызметінде ашықтықты арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен отырыстар кестесі қаралып, бекітілді. Бекітілген жоспар аясында профилактикалық шараларды күшейту, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және халықпен кері байланысты нығайту көзделген.
Кеңесті қорытындылай келе, комиссия төрағасы барлық жауапты органдарға қабылданған шешімдерді уақтылы әрі сапалы орындауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.