
Аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, ауылдар мен кенттердің әкімдері қатысты.
Отырыс барысында абаттандыру қағидаларын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қозғалды. Жауапты құрылымдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық жұмысты жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2026 жылға арналған отырыстар кестесі мен жұмыс жоспары қаралып, бекітілді. Бекітілген жоспар аясында алдын алу шараларын күшейту, халықпен түсіндіру жұмыстарын кеңейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы бақылауды жалғастыру көзделген.
Отырыс соңында аудан әкімі барлық жауапты органдарға белгіленген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды және қабылданған шешімдердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.