АУДАН ӘКІМІ НҰРА КЕНТІНІҢ АЗАМАТТАРЫНА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ НҰРА КЕНТІНІҢ АЗАМАТТАРЫНА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов пен Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбековтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтті. Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандыратын әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтерді.

Кездесу кезінде тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, электр энергиясының тұрақтылығы, көше жарықтандыруының жай-күйі, сондай-ақ елді мекен аумағындағы қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты сұрақтарын қойды. Сонымен қатар абаттандыру, коммуналдық қызметтердің сапасы және өзге де өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

Аудан әкімі мен мәслихат төрағасы әрбір көтерілген мәселені назарға алып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.

Қабылдауды қорытындылай келе, аудан басшылығы тұрғындармен тікелей диалог орнатудың маңыздылығын атап өтіп, халықтың өтініштері мен ұсыныстары алдағы жұмыс барысында ескерілетінін жеткізді.