
Нұра ауданында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның төртінші тоқсандық кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында аудан аумағында терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларының орындалу барысы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелері мен өзекті мәселелер талқыланды.
Комиссия мүшелері жауапты мемлекеттік органдардың есептерін тыңдап, терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейту, профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Нұра ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.