
Нұра ауданының әкімі еңбек адамдарымен тікелей диалог құру мақсатында ТОО «Шахтерское» және ТОО «Пржевальское» кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен олардың жұмыс орындарында кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі жұмысшылардың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарын тыңдап, кәсіпорындардың қазіргі жағдайы, өндірістік үрдістер, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптары мен еңбек жағдайлары туралы пікір алмасты. Қызметкерлер тарапынан жалақы деңгейі, әлеуметтік пакет, техника қауіпсіздігі, кадр тапшылығы және өндірістік жабдықтарды жаңарту жөнінде бірқатар мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі аталған сұрақтардың әрқайсысына жеке тоқталып, аудандық деңгейде шешімін талап ететін мәселелерді бақылауға алатынын айтты. Сонымен қатар, жұмысшылардың ұсыныстары мен ескертулері кәсіпорын басшылықтарымен бірлесіп қарастырылып, жақсартуға бағытталған шаралар қабылданатынын атап өтті.
Мұндай форматтағы кездесулер еңбек ұжымдарымен ашық әрі шынайы байланыс орнатуға, өзекті проблемаларды дер кезінде анықтап, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмысшылардың пікірін тікелей есту – еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік жағдайды жақсарту және жалпы өндіріс мәдениетін көтеру үшін маңызды қадам.
Аудан басшысы алдағы уақытта да ауданның түрлі кәсіпорындарында еңбек ұжымдарымен кездесулерді жалғастыратын болады.