АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов кезекті азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, кентішілік аббаттандыру мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Азаматтарды жеке қабылдау – аудан басшылығы мен халық арасындағы тиімді кері байланыс орнатудың маңызды тетігі. Мұндай кездесулер тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде анықтап, оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге саламыз, Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов азаматтарды жеке қабылдауды әр апта сайын сейсенбі күні, алдын ала жазылу арқылы өткізеді.
Қабылдауға жазылу телефоны: 8 (72144) 21-7-21.