НҰРА АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

НҰРА АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

24 қараша күні Нұра аудандық Мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара аудан туралы бейнеролик көрсетіліп, мерекелік атмосферада басталды.

Іс-шараның ресми бөлімінде аудан әкімі Бақытжан Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы маңызын атап өтті. Әкім өз сөзінде сала қызметкерлерінің егін егу, мал өсіру бағыттарындағы еңбектері мен жыл басынан бергі негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Салтанатты жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар мемлекеттік және облыстық деңгейдегі марапаттарға ие болды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы кәсіподағы тарапынан «Елеулі еңбегі үшін» медальдары мен «Еңбек даңқы» төсбелгілері тиісті мамандарға берілді.

Шара аясында Жанбөбек ауылында өткен «Дархан даланың дәстүрі» атты іс-шараның жоғары деңгейде өтуі атап өтіліп, ауылдың дамуына 40 млн теңгенің сертификаты табысталды. Келесі эстафетаны Жараспай ауылдық округі қабылдап алды.

Ресми бөлімнен кейін Қали Байжанов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Іс-шара ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету және саланың дамуына үлес қосқан мамандарды марапаттау мақсатында ұйымдастырылды.