
Бүгін Нұра ауданында Ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға аудан басшылығы, қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық валюта – теңгенің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөліне тоқталды. Әкім өз сөзінде қаржы саласы мамандарының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған зор үлесін атап өтіп, еңбектері үшін алғыс білдірді.
Салтанатты жиында қаржы саласының бірқатар қызметкерлері еңбектері үшін марапатталды. Атап айтқанда, «Құрмет» грамотасымен келесі мамандар марапатталды:
Сейлхан Әшімұлы Құрманов, Алия Сейтжановна Еримова, Николай Анатольевич Баранов, Надежда Григорьевна Шмитке, Панар Амантайқызы Жақыпбекова, Мухамеджан Сарсекеевич Байгеншеков, Галина Григорьевна Голощук, Батима Нагамановна Алшынбаева, Саян Сүйіндікұлы Мұқаш.
Сонымен қатар, «Алғыс хатпен» Макпал Советовна Мухамеджанова, Сара Жангазыновна Усембекова, Гульбагдан Ермековна Досполова, Самига Сагимбаевна Искакова, Айман Абдрашовна Кульмаганбетова, Наталья Валерьевна Демиденко, Маягүл Қайратовна Бексултанова және Әйгерім Нұрболатқызы Өміртай марапатталды.
Аудан әкімі өз сөзінде барлық мамандарға табыс, отбасылық береке, кәсіби биіктерді бағындыруды тілеп, ел экономикасын дамыту жолындағы еңбектерінің жемісті болуын айтумен қорытындылады.