
Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Жиналыс барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралардың жүргізілу барысы, 2025 жылғы 1 қарашадағы аудан бюджетінің орындалуы, жедел жағдай және жылыту маусымының өту барысы талқыланды. Сонымен қатар, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай материалдарының бағасына жүргізіліп жатқан мониторинг, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс мәселелері қаралды.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов баяндамаларда көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігіне және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Аппараттық жиналыс қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлімдер мен мекемелерге бақылауды күшейту және берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктеді.