
Аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өткізіліп, онда бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, жиналыс барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы негізгі салалардың ағымдағы жағдайы мен алдағы міндеттері талқыланды.
Күн тәртібіндегі басты сұрақтардың бірі – қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау және жылыту маусымының тұрақты өтуі болды. Қар тазалау, көктайғақтың алдын алу, жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын бақылау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Тиісті қызметтерге қажетті техника мен материалдардың жеткілікті қорын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ от жағу маусымындағы өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесі қаралды. Бұл бағытта тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда профилактикалық түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау, тұрмыстық пештер мен электр құралдарын дұрыс пайдалану жөнінде кеңес беру шаралары күшейтілуде.
Құрылыс саласында ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысы талқыланды. Инфрақұрылымдық нысандардың сапасы мен мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету, жобалық-сметалық құжаттамаларды уақытылы әзірлеу мәселелеріне назар аударылды.
Инвестиция тарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар да жиналыс күн тәртібінде болды. Аудан экономикасына жаңа инвестицияларды тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, өндіріс көлемін арттыру – негізгі басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, баға мониторингін жүйелі жүргізу жұмыстарының өзектілігі атап өтілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының деңгейі талданды. Ақпараттық саясаттың басты мақсаты – қоғаммен ашық диалог орнату, ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін насихаттау және тұрғындармен өзара байланыс тиімділігін арттыру екені айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшылығы барлық сала жетекшілеріне тиісті тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.