НҰРАДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

НҰРАДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін Нұра ауданы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлер күніне орай «Кәсіпкер – ел дамуының тірегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – аудан кәсіпкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегін бағалау, сондай-ақ бизнестің өзекті мәселелерін талқылау болды.

Аудан әкімі Бақытжан Мылтықбайұлы Мұқанов қатысушыларды мерекемен құттықтап, кәсіпкерлердің аудан дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды:

«Кәсіпкерлік – бұл табандылық пен жауапкершілікті қажет ететін үлкен еңбек. Сіздердің қажырлы істеріңіздің арқасында Нұра ауданының экономикасы дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, халықтың тұрмыс сапасы жақсаруда», – деді аудан әкімі.

Шара барысында кәсіпкерлер арасында «Бизнес және ауданның болашағы» атты блиц-сауалнама өткізіліп, қатысушылар туған жерінде бизнесті дамытудың маңызы мен әлеуметтік жобаларды қолдау жөніндегі өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесу соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан кәсіпкерлер «Үздік кәсіпкер» медалімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңы естелік суретке түсумен және бейресми әңгімелесумен қорытындыланды.