ИЗЕНДІ АУЫЛЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТОЛЫҚ КҮНДІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ИЗЕНДІ АУЫЛЫНДАҒЫ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТОЛЫҚ КҮНДІК РЕЖИМДЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Нұра ауданының Изенді ауылындағы мектеп жанындағы шағын орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлмелер толықтай жаңартылды. Шағын орталықтың ішкі бөлмелері жөнделіп, қажетті санитарлық жағдай жасалып, заманауи жиһаздармен және оқу-тәрбие құралдарымен жабдықталды. Сондай-ақ медициналық кабинеттің ем-шара бөлмесіне және екінші қабатқа шығу сатысына да жөндеу жүргізілді.

Ең басты жаңалық – бұған дейін тек жарты күн жұмыс істеген шағын орталық енді толық күндік режимде өз есігін айқара ашты. Бұл ата-аналар үшін үлкен қолайлылық туғызды, себебі балалар күні бойы қауіпсіз әрі дамуға бағытталған ортада тәрбиеленіп, уақыттарын тиімді өткізе алады.

Ата-аналар мен ауыл тұрғындары бұл игі іске ұйытқы болған аудан басшылығына және білім саласы мамандарына алғыстарын білдіріп, жаңа келбетке ие болған шағын орталықтың ауыл балалары үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.