АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН МҰҚАНОВ БАЙТУҒАН АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН МҰҚАНОВ БАЙТУҒАН АУЫЛЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ

Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов Байтуған ауылындағы Мәдениет үйінде жүргізілген жөндеу жұмыстарының аяқталуымен танысты.

Биылғы жылы нысанда ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті жаңартылып, жылыту және жарықтандыру жүйелері толық ауыстырылды. Сондай-ақ, сахна мен көрермен залы жаңғыртылып, қажетті жабдықтар орнатылды.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда Мәдениет үйі ауыл тұрғындарын қабылдауға дайын. Жаңартылған ғимарат ауыл өмірінің мәдени орталығына айналып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге және түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мәдениет үйінің қайта жаңаруы Байтуған ауылының әлеуметтік-мәдени дамуындағы маңызды қадам болып табылады.