«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙНАР АУЫЛЫНДА ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚАЙНАР АУЫЛЫНДА ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Нұра ауданының Қайнар ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы жөнделетін жол учаскесінің ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.

Жоба ауыл ішілік қозғалысты жақсартуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Аудан әкімі жұмыс барысымен арнайы барып танысып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Сапар барысында әкім атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі талапқа сай орындалуының маңыздылығын атап өтті.

– Елді мекендердің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасы тікелей жол инфрақұрылымының жағдайына байланысты. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Қайнар ауылындағы жолдардың жөнделуі – тұрғындар үшін үлкен қолайлылық пен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін маңызды қадам, – деді аудан әкімі.

Қазіргі таңда жол төсемін тегістеу, қиыршық тас төсеу және асфальттау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауылдың келбеті мен тұрмыс деңгейінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтуде.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң ауыл ішіндегі жол қозғалысы айтарлықтай жақсарып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалмақ.