
Нұра ауданында орталық аудандық аурухананың 8 айдағы жұмыс нәтижелеріне арналған жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі, ауыл және кент әкімдері, сондай-ақ медициналық мекеме басшылығы қатысты.
Аурухана директоры Урал Мазитовтың баяндамасында медициналық ұйымның негізгі бағыттардағы нәтижелері баяндалды. Оның ішінде:
- Флюорографиялық тексеру бойынша тұрғындарды қамту деңгейі кезең-кезеңімен артып келеді, қосымша шаралар қабылданып жатыр;
- Жоспарлы скринингтік тексерулер тұрақты жүргізіліп, нәтижесінде созылмалы және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау көрсеткіштері жақсарды;
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін тәуекел топтарына тұрақты бақылау орнатылып, диспансерлік есептегі науқастарға жоспарлы тексерулер ұйымдастырылды;
- Мамандар тапшылығын азайту мақсатында жас дәрігерлерді тарту және оларды әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылуда.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі медициналық қызметтердің сапасын арттыру, тұрғындар денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жүйелі түрде жалғастыруды тапсырып, ауыл және кент әкімдеріне ауруханамен бірігіп жұмыстарды ширатуды жүктеді.