Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқанов Осакаровка тарапынан орналасқан кіреберіс арканы жаңғырту және Астана қаласы бағыты бойынша трасса бойына жаңа кіреберіс арка орнату мәселелері жөнінде арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында аудан басшысы жобалаушылармен бірге жоспарланған нысандардың орындарын аралап, болашақ аркалардың дизайны мен архитектуралық ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты. Әкім аркалардың аудан келбетіне үйлесімді болуының маңыздылығын атап өтіп, заманауи әрі ұлттық нақыштағы озық үлгілерді қолдануды ұсынды.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының сапасына, материалдардың беріктігіне және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлімдерге аркалардың эскиздік жобасын әзірлеуді жеделдетуді, сондай-ақ мердігерлермен бірлесіп нақты жұмыс жоспарын бекітуді тапсырды. Аркаларды орнату жұмыстары бекітілген мерзімде басталып, тұрғындар мен қонақтар үшін ауданның айрықша белгісіне айналуы көзделуде.