АУДАН ӘКІМІ "АСХАТ" ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН АРАЛАП, ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ "АСХАТ" ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫН АРАЛАП, ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2025 жылғы 22 тамыз күні Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов Байтуған ауылындағы «Асхат» шаруа қожалығының алқаптарын аралап, қожалықтағы егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.

Іссапар барысында аудан басшысы қожалықтың астық қоймасында болып, биылғы жылы алынған жаңа ауылшаруашылық техникасымен танысты. Атап айтсақ, шаруашылық ағымдағы жылы 3 жаңа комбайн және 2 «Bühler» тракторын сатып алған.

«Асхат» қожалығы ауданда алғашқылардың бірі болып егін орағын бастады. Бүгінгі күнге дейін қожалық диқандары: 2000 гектар арпаны, 1000 гектар бидайды жинап үлгерді. Орташа өнімділік – 10 центнерден гектарға. Сондай-ақ, 200 гектар жасымық орылып, өнімділігі гектарына 1 центнерді құрады.

Аудан әкімі егін жинау науқанының ұйымдастырылуына оң бағасын беріп, жұмыстың уақытылы әрі сапалы жүргізілуін ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Айта кету керек, қожалықтағы егін жинау жұмыстары қарқынды жалғасуда.