Бүгін Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кеңесте жаңа оқу жылының басталуына дайындық, білім беру және мәдениет нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысы, алдағы жылыту маусымына әзірлік, сондай-ақ Шахтер ауылын дамыту бағытындағы шаралар талқыланды. Сонымен қатар, суға шомылу маусымының өтуі, «Қаратал» коммуналдық кәсіпорнының жұмыс жоспарының орындалуы, құрылыс саласындағы жобалар, инвестиция тарту жұмыстарының жайы қаралды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысты күшейту де күн тәртібінде болды.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтсақ:
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі бөлім басшыларына, ауыл және кент әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.