"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов әр апталық аппараттық жиналыста еліміз бойынша кең көлемде жүзеге асып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасының маңыздылығына үнемі тоқталып келеді. Аталған бағдарлама аясында аудан бойынша елді мекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық ауылдық округтерде сенбіліктер мен санитарлық тазалау акциялары тұрақты түрде өткізілуде. Бұл бастамалар ауылдарымыздың тазалығы мен көркем келбетін сақтау, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Бағдарлама шеңберіндегі игі істердің бірі – "Жараспай" ЖШС-нің басшысы С.О. Қоңырбаевтың бастамасымен жүзеге асқан жоба. Кәсіпорынның демеушілігімен Жараспай ауылына кіреберіс арка орнатылды. Бұл ауылдың ажарын ашып, тұрғындардың патриоттық рухын көтеретін нысанға айналды. Жобаның жалпы құны 5 миллион теңгені құрап, барлық қаражат "Жараспай" ЖШС-нің өз есебінен бөлінді.

Аудан басшылығы мұндай азаматтық бастамаларға алғыс білдіре отырып, өзге де шаруашылық жетекшілерін туған ауылдың дамуына белсене атсалысуға шақырады.