СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудан аумағындағы су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында бірқатар елді мекендерге жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында аудан басшысы Жаңакұрылыс ауылында тұрғын үйлерге су құбырын тарту жұмыстарының барысын тексерді. Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізілуде, үйлерге су тарту белсенді түрде жалғасуда.

Сонымен қатар, аудан әкімі Жараспай және Құланөтпес ауылдарындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Жараспай ауылында ауыз судың сапасын арттыру мақсатында су тұщыландырушы құрылғылар орнатылуда. Бұл жоба аяқталған соң тұрғындар сапалы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Құланөтпес ауылында биылғы жылы орталық су құбыры орнатылуда. Қазіргі уақытта үйлерге су жеткізетін құбырлар тарту жұмыстары қызу жүргізілуде. Аудан басшысы аталған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтті.

Сапар барысында Бақытжан Мұқанов халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл – тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасының басты кепілі екенін жеткізді.

Айта кетейік, биылғы жылы орталықтандырылған су жүйесіне Қантай ауылының тұрғындары да қосылмақ.