ЖАЗҒЫ-КҮЗГІ КЕЗЕҢДЕ АУДАНДА ИНЖЕНЕРЛІК ЖОСПАР БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

ЖАЗҒЫ-КҮЗГІ КЕЗЕҢДЕ АУДАНДА ИНЖЕНЕРЛІК ЖОСПАР БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Нұра ауданы әкімдігінде аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен 2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде жүзеге асырылып жатқан жоспарлы инженерлік жұмыстардың барысына арналған жиналыс өтті.

 

Жиын барысында аудан көлемінде су тасқынының алдын алу және инфрақұрылымды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Атап айтқанда, биылғы кезеңде 7 нысанда ұзындығы 3100 метрді құрайтын жер біліктерін нығайту жоспарланған.

 

Аталған жұмыстардың шеңберінде:

Нұра кенті, Масалина көшесінде – 50 м;

Б.Ысқақов пен К.Мыңбаев көшелерінің қиылысында – 50 м;

Г.Бельгер көшесі бойымен – 300 м;

Нұра – Өндіріс бағытындағы аудандық маңызы бар автожолда – 500 м;

Қантай ауылында – 300 м;

Егінді ауылында – 300 м;

Кертінді ауылында – 1600 м жер қорғаныс валдары күшейтіледі.

 

Қазіргі таңда осы жұмыстардың ішінен төрт нысанда – Кертінді, Егінді, Қантай ауылдарында және Нұра–Өндіріс автожолында жұмыстар толық аяқталған. Қалған үш учаскіде (Нұра кентіндегі екі көше және Г.Бельгер көшесі бойы) жұмыстар үшінші тоқсан ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалары күшімен жүзеге асырылады.

 

Аудан басшысы жауапты бөлімдер мен кент, ауыл және ауылдық округ әкімдеріне жұмыс қарқынын үдетуді, белгіленген мерзімдерде жұмыстарды аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, орындалған жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, уақтылы бақылау жүргізуді міндеттеді.

 

— Атқарылып жатқан жобалар – ауданымыздағы елді мекендерді қауіпсіз әрі жайлы етуге бағытталған нақты істер. Су тасқынына қарсы дайындық – маусымдық емес, жыл бойы жүргізілуі тиіс жүйелі жұмыс. Сондықтан әрбір тапсырма тиянақты әрі сапалы орындалуы қажет, — деп атап өтті аудан басшысы.