АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқанов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтсақ, тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету және ветеринария саласына қатысты сұрақтар қойылды.

Аудан басшысы әрбір өтінішке мұқият көңіл бөліп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдау.

Сондай-ақ, әр апта cайын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.