КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

2025 жылғы 30 маусымында аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, жастар мен жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, ауылдарды дамыту, мал сою инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ пожар қауіпсіздігіне байланысты алдын алу шаралары назарға алынды. Сонымен қатар, құрылыс жобаларының іске асырылуы, инвестиция тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының тұрақтылығы және ақпараттық-насихат жұмыстарының сапасы да күн тәртібінде қаралды.

Аудан әкімі барлық бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігін атап өтіп, тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту мен халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, бақылауға алынатын негізгі индикаторлар белгіленді.