5 маусым – Қазақстан Республикасының Экологтар күні!
Бүгінгі күн – қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдіру күні.
Нұра ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамытуға белсенді атсалысқан ұйымдар Алғыс хаттармен марапатталды. Атап өтсек, Нұра аудандық мәслихат, Нұра ауданы әкімі аппараты,құрылыс бөлімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, спорт клуб, Қаратал, Б.Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі, мәдениет үйінің ұжымдары мен Нұра кенті әкімі аппаратының ұжымы мен қоғамдық жұмыскерлері, сондай-ақ, «Нұра арнасы» волонтерлық тобы да ерекшеленіп аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл – тек марапат қана емес, туған өлкемізді таза ұстауға бағытталған ортақ еңбектің бағалануы.
Табиғатты аялау – болашаққа қосқан зор үлес!
Экологияны қорғау – әрбір азаматтың борышы.