ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ КАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ КАРСАҢЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекеттік қызмет бұл елдің дамуы мен әрбір азаматтың игілігі үшін жауапкершілікті қабылдау. Ант беру арқылы мемлекеттік қызметші әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуге және халықтың сенімін ақтауға міндеттенеді.

Осыған орай, ҚР Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Нұра ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы – Бейсенова Шарапат Дюсембиновна, Нұра ауданы Нұра кенті әкімі аппаратының бас маманы – Журтболов Даурен Думанович, Нұра ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы – Исаева Шолпан Нұркенқызы, Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы – Конкенов Максат Жаксылыкович ант қабылдады.

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін мәртебелі міндет. Жаңа қызметкерлерімізді құттықтай отырып, Отан игілігі үшін табысты қызмет атқаруларына тілектеспіз!