НҰРА АУДАНЫНДА МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

НҰРА АУДАНЫНДА МЕРДІГЕР ҰЙЫМДАРМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен мердігер ұйымдардың қатысуымен жұмыс жиналысы өтті.

Жиында ауданда жүзеге асып жатқан бірқатар маңызды жобалардың орындалу барысы, жұмыс қарқыны және аяқталу мерзімдері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, Нұра кентінде өнер үйінің құрылысы, Қантай және Құланөтпес ауылдарында су құбыры желілерінің тартылуы, сондай-ақ Жараспай ауылындағы тұщытқыш қондырғылар мен су жүйелерін қайта жаңғырту жобалары қаралды.

Аудан басшысы әрбір нысан бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапасы мен мерзімінің қатаң бақылауда болатынын ескертті. Мердігер ұйымдар мен жауапты бөлім басшыларына аталған жобаларды белгіленген уақытында және сапалы түрде аяқтау міндеті жүктелді.

Бақытжан Мұқанов жобалардың халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтіп, олардың уақтылы орындалуы тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін жеткізді.