Жараспай ауылында 05.04.2025 жылы өткен сенбілік аясында ауыл тұрғындары мен жергілікті ұйымдар бірлесіп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны тазартуға қатысты ауқымды шаралар өткізді. Сенбілік барысында ауылдың көшелері мен аулалары тазартылып, қоқыстар жиналды. Сенбілік тек ауылдың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталады.