
Ұлы Жеңіс күніне орай дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық ойындар биыл да Жараспай ауылында 9-10 мамыр күндері жоғары деңгейде өтті. Ауыл жастарының ұйымдастыруымен өткен шарада футбол, баскетбол, волейбол және арқан тартыс сайыстары өткізіліп, қатысушылар арасында тартысты да қызықты бәсекелер болды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы ауызбіршілік пен достықты нығайту, сондай-ақ Ұлы Жеңіс батырларының ерлігін ұлықтау. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар мен қатысушылар арнайы марапатталып, алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында ата-бабалар рухына құран бағышталып, ауыл тұрғындарына арнап ақ дастархан жайылып, ас берілді. Осындай тағылымы мол шаралар ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие мен өнеге беретіні анық.
2026 жылы дәстүрлі спорттық шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған 1989 жылғы азаматтар эстафетаны 2027 жылға 1987 жылғы азаматтарға салтанатты түрде табыстады.
https://www.instagram.com/p/DYOghI5CC_W/?img_index=18&igsh=aWY4aWl3MTBvcnBj