Қалалар мен аудандардың сыртқы келбетін жақсарту және халықтың тұруының жайлылығын қамтамасыз ету үшін "Таза Қазақстан" Республикалық экологиялық акциясында ағымдағы жылдың 25-ші сәуір күні Шұбаркөл кентінде "Шұбаркөл Көмір" АҚ демеушілік көмек көрсетіп, 30 дана қарағай ағаштарының көшеттерін, 20 қараған ағаштарын алып келді. Әкім аппаратының алаңына 2 дана қарағай, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебіне 11 қарағай 8 қараған, мешітке 3 дана қарағай, Жан жүрегім Шұбаркөл алаңына 12 дана қарағай 3 қараған, 7 қараған ағаштары халыққа, полиция бөліміне 2 дана қарағай, 2 қараған ағаштарының көшеттері бөлінді. 26 сәуірден бастап қарағай, қараған ағаштарын отырғызу жұмыстары басталды. "Шұбаркөл Көмір" АҚ - на алғысымыз шексіз! Еңбектеріңіз жана берсін,жұмыстарыңызға тек сәттілік тілейміз!!!