Нұра ауданы Шұбаркөл кентінде Наурыз мейрамы 2 күнге жоспарланып тойланды. 21.03.2025 ж. ашылу салтанаты (концеттік бағдарлама), ат жарыс, қой көтеру, көкпар ұлттық ойындары өткізілді. 22.03.2025ж. көшелерге тапсырма берілді, сол тапсырма бойынша көрініс қойылды, дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Шоқпарласу, жілік сындыру, қол тірес (ерлер және әйелдер арасында), арқан тарту, гір тасын көтеру, күрес ұлттық және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Кеш соңында ұйымдастырылған шара бойынша жеңіске жеткен кент тұрғындарын, спортшыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Шұбаркөл кентінде "Наурыз-2025" мейрамы жоғарғы деңгейде өткізілді, кент тұрғындары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіреді.