Облыстық сенбілік - Шахтерское ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Облыстық сенбілік - Шахтерское ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

19 сәуірде Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Шахтерское ауылының тұрғындары осы іс-шараға белсене қатысты. Ауыл аумағын тазалауға ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары шықты. Жалпы күшпен көшелер мен іргелес аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.