
Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және экстремистік идеологияның таралуының алдын алу мақсатында ауыл әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шаралар барысында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау, сондай-ақ тексерілмеген ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сыни көзқараспен қараудың маңыздылығы түсіндіріледі. Сонымен қатар, тұрғындарға деструктивті діни ағымдардың не екені, олардың мақсаттары қандай екені және өздерін әрі жақындарын деструктивті ағымдардың ықпалы мен арбауына түсуден қалай қорғауға болатыны туралы түсіндірме қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылады.