Ұйымдарда интернет-алаяқтықтың алдын алу

Ұйымдарда интернет-алаяқтықтың алдын алу

Интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы мен ауыл әкімі аппаратының маманы еңбек ұжымдары арасында тұрақты түрде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шаралар барысында телефон қоңыраулары, мессенджерлер және интернет желісі арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жеке деректерді қорғау, банк карталары мен мобильді қосымшаларды қауіпсіз пайдалану қағидалары, сондай-ақ SMS-кодтарды, құпиясөздерді және банк шоттарының деректемелерін бөгде адамдарға беруге болмайтыны жөнінде жан-жақты түсіндіріледі. Кездесуге қатысушыларға алаяқтардың әрекеттерін тану жолдары мен күмәнді қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмі көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылады. Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және алаяқтық қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.