Ауыл тұрғындары eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын белсенді түрде пайдаланады.

Ауыл тұрғындары eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын белсенді түрде пайдаланады.

Шахтерское ауылы әкімі аппаратында тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта өздігінен алуға мүмкіндік беретін eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы өз жұмысын жалғастыруда. Ауыл тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына түрлі мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, қажетті анықтамаларды алу, электрондық өтініштер беру, сондай-ақ электрондық үкімет порталының өзге де сервистерін пайдалану үшін жүгінеді. Қажет болған жағдайда ауыл әкімі аппаратының мамандары кеңестік көмек көрсетіп, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібін түсіндіреді және eGov порталымен жұмыс істеу бойынша бағыт-бағдар береді.