
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату-тәтті, берекелі отбасы. Балалар – біздің үмітіміз, біздің болашағымыз. Қуаныш пен бақытқа толы балалық шақтан асқан керемет нәрсе жоқ, ал оны осындай ету – отбасының, қоғамның және мемлекеттің ортақ міндеті.
Балаларды қорғау күнін өткізудің мақсаты – балалардың өмір сүруге, өз пікірін еркін білдіруге, білім алуға және қорғалуға құқығы бар екенін еске салу. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланады. Атап айтқанда, көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар және басқа да көптеген шаралар өткізіледі.
Шахтерское ауылында да ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік концерт аяқталғаннан кейін балаларға балмұздақ пен шоколад сияқты тәттілер таратылды. Бұл сыйлықтарды аталған іс-шараның демеушілері – жергілікті жеке кәсіпкерлер ұсынды.