Аудан әкімі Шахтерское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Аудан әкімі Шахтерское ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

21 мамыр күні ауылда аудан әкімінің халықпен кездесуі өтіп, онда ауылдық округ әкімінің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Іс-шараға ауыл тұрғындары, аудандық мемлекеттік мекемелердің өкілдері, депутаттар және қоғам белсенділері қатысты. Өз баяндамасында ауыл әкімі елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Аудан әкімі халықпен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде шешу қажеттігін айтты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауызсу, жолдардың жағдайы, жұмыспен қамту және ауылды одан әрі дамытуға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Кездесу соңында аудан әкімі ауылдық аумақтарды дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, ал тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.